Автомобиль жолдарының 464 қауіпті учаскесі, 66 көпір және 852 су өткізу құбыры бақылауға алынды, оларға 883 бірлік жол-пайдалану техникасы бекітілген. Автожолдар мен жол құрылыстарына күнделікті патрульдеу жұмыстары жүргізілуде.
«Болжам бойынша республиканың орталық, солтүстік, шығыс бөлігінде қар көп мөлшерде ериді деп күтілуде. Сондықтан барлық әкімдер бүгіннен бастап жағдайды күнделікті бақылауға алуы тиіс. Қарды, әсіресе, ауылдық елді мекендерден шығару үшін барлық қажетті құралдар мен техниканы жұмылдыру керек. Өзен арналарын, ағындарды, нөсерлі кәріздерді тазартуды, уақытша жер үйінділері мен бөгеттер салуды қамтамасыз ету қажет. ІІМ мен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің тиісті қызметтері нақты мониторинг пен бақылау жасауы керек», - деді Асқар Мамин.