Аймақтар • 25 Ақпан, 2020

Алматыда экологияға арналған кешенді шаралар іске асады

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл жайында Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram парақшасында жазды. Бірер күн бұрын қала әкімінің қатысуымен Іскерлік кеңес жанындағы тұрақты даму комитеттің экология бойынша жұмыс тобының алғашқы отырысы өткен болатын.

Алматыда экологияға арналған кешенді шаралар іске асады

Алматының экологиялық ахуалы қала тұрғындары мен мамандарды көптен алаңдатып келе жатқан мәселе. Бүгінде мегаполисте қоршаған ортаны сауықтыруға арналған кешенді шаралар қолға алынған.

«Іскерлік кеңес жанындағы тұрақты даму комитеттің экология бойынша жұмыс тобының алғашқы отырысына қатыстым. Қаланың экология саласындағы жетекші сарапшылары, қоғам белсенділері мен басқарма басшылары ашық пікірталас барысында пікір алмасып, қаланың экологиялық жағдайын сауықтыру әрі ауа сапасын жақсарту бойынша қысқа және ұзақ мерзімді шаралар пакеттерін әзірлеуге келісті. Бұл – біздің ортақ стратегиялық мақсатымыз. Бұдан өзге «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ басқармасының төрайымы Айгүл Соловьевамен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Оның аясында Алматыны қоршаған ортаны сауықтыру бойынша кешенді шаралар қабылданады» - деп жазды Б.Сағынтаев.