Қоғам • 25 Ақпан, 2020

Алматылық оқушы бизнес форум өткізді

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматылық мектеп оқушысы Алан Машен әлемдік кәсіпкерлердің басын қосып, бизнес форум ұйымдастырды.

Алматылық оқушы бизнес форум өткізді

Алан 16 жаста. Сабағын үздік оқитын зияткер бірнеше байқаулардың жеңімпазы. Талабы таудай баланың дайындап жатқан жобалары аз емес. Кәсіпкерлер мен жас талапкерлерді бір аудиторияда  тоғыстырған жиында түрлі бизнес жобалар талқыланды.

Отандық кәсіпкерлерден бөлек форумға қатысқан әлемге танымал кәсіп иелері де құрметті мейман ретінде өздерінің табыс жолындағы құпияларымен бөлісті. Шараны ұйымдастыруға «Нұрсұлтан Назарбаев білім беру» қоры мұрындық болған.

«Бүгінгі жобамның мақсаты – кәсіпкерлер мен оқушылар арасында еркін диалог алаңын орнату. Бүгін біз 6 мектептің өкілдерін шақырдық. Форумға 200-ден астам адам қатысуда. Соңғы кезде еліміздің экологиясына алаңдаулымын. Қазір осы тақырыпта үлкен жоба әзірлеп жатырмын», – дейді Халықаралық мектептің оқушысы Алан Машен.