Спорт • 25 Ақпан, 2020

Теннисші Елена Рыбакинаның табысы қанша?

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен аптаның соңында Дубайдағы турнирдің финалында өнер көрсеткен қазақстандық теннисші Елена Рыбакина сол межеге жеткені үшін 372 200 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алды.

Теннисші Елена Рыбакинаның табысы қанша?

Осылайша, жерлесіміздің тапқан табысы 1 миллиондық межеден асты. Нақтылап айтсақ, бұл күндері әлемнің 17 ракеткасы атанып отырған Елена түрлі турнирдегі өзінің айшықты өнерінің арқасында 1 164 376 долларды қалтаға басты.

Бір ғажабы, бұл күндері Дохада өтіп жатқан турнирдің алғашқы айналымда румыниялық Сорана Кырстяны үш сеттік сайыста ұтқан ол 2020 жылы жалауы желбіреген WTA жарыстарында жеңістерінің санын 20-ға жеткізді. Бұған дейін дәл осындай нәтижеге осыдан бақандай 11 жыл бұрын ресейлік Елена Дементтева қол жеткізген еді. Сонымен қатар Рыбакина Қазақстанның туы астында өнер көрсеткен кезеңде WTA турнирлерінде бір мәрте бас жүлдені олжалап, үш рет финалға шықты.

Катардың бас шаһарында өтіп жатқан дүбірлі доданың екінші айналымында Елена Рыбакина әлемнің 62 ракеткасы бельгиялық Алисон ван Уйтванкпен шеберлік байқасады.