Спорт • 25 Ақпан, 2020

Қазақстандық гимнасттар Garcia Fair Cup халықаралық турнирге қатысты

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23 ақпан күні Будапештте көркем гимнастикадан Garcia Fair Cup халықаралық турнирі басталды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстандық гимнасттар Garcia Fair Cup халықаралық турнирге қатысты

Қазақстан сапынан байрақты бәсекеде Айдана Шакенова, Роза Абитова және Сәбина Бакатова өнер көрсетті. Көпсайыста қазақстандық спортшылар ішінде Айдана Шакенова үздік көрсеткішке қол жеткізіп, 70,08 ұпаймен 11-орыннан көрінді. 70,4 ұпай жинаған Роза Абитова 12-орынға жайғасса, Сәбина Бақатова 15-орын алды. Барлығы спортшылар қоржынында 66,05 ұпай жинады.

Бүгін, 25 ақпан күні жекелей сайыстар бойынша финалдық кезең өтеді.