Спорт • 25 Ақпан, 2020

Күрес түрлерінен Азия аймақтық іріктеу турнирі Қытайдан Қырғызстанға ауыстырылды

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күрес түрлерінен Азия аймақтық Олимпиадаға іріктеу турнирі Қытайдан Қырғызстанға ауыстырылды. Бұл туралы Біріккен күрес әлемі (UWW) мәлімдеді.

Күрес түрлерінен Азия аймақтық іріктеу турнирі Қытайдан Қырғызстанға ауыстырылды

Токио Олимпиадасы қарсаңындағы аймақтық лицензиялық турнир Қытайдың Сиянь қаласында өтуі тиіс болатын. Алайда, Қытайдағы коронавирустың өршуіне байланысты күрес бәсекесі Қырғызстанның Бішкек қаласына ауыстырылды. 

«Турнирдің басталуына азғантай уақыт қалғанда өтетін орынды ауыстыру спортшыларға оңай соқпасы анық. Алайда, біз үшін атлеттердің денсаулығы маңызды. Сол үшін біз осындай қадамға барып отырмыз. Осы орайда, дереу қолдау көрсеткен Қырғызстан тарапына алғысымыз шексіз», - дейді UWW президенті Ненад Лалович. 

Лицензиялық жарысқа қатысатын қытайлық балуандар бұл күндері Сербияда жаттығуда. Олар Қытайдан шығар кезде үлкен тексеруден өтіп, Сербияда дәрігерлер бақылауында болды. Бүгінде оларға жаттығу үшін бар жағдай жасалуда. Күрес түрлерінен Азия аймақтық лицензиялық турнир 2020 жылдың 27-29 наурызы аралығында Бішкекте өтеді.