el-Watan басылымының мәліметіне сүйенсек, қаңтар айының соңында Хосни Мүбарак асқазан-ішек жолына ота жасатып, Каирдегі емханалардың бірінде жансақтау бөлімінде жатқан.
Хосни Мубарак 1981 жылдан бастап Мысырды отыз жылға жуық басқарды. 2011 жылдың ақпанында қарсылық шаралары көбейгендіктен Мүбарак қызметінен кетуге мәжбүр болды. Отставкадан кейін ол бірден қамауға алынды. Саясаткер өмірінің 6 жылын түрмеде өткізіп, бостандыққа 2017 жылы шықты.