Бұл Әзербайжан ғалымдарының аталған кітапханаларда сақталған Имамеддин Насими, Низами Гәнжауи және Мухаммед Физули қолжазбаларын зерттеуіне жол ашады.
Сараево университетінің белгілі ғалымдары профессор Аднан Кадрич, доктор Амина Шиляк-Есенкович, философия факультетінің профессоры Алена Чатович, профессор доктор Эльвир Мусич бірлесіп ұлы ойшыл Имамеддин Насимидің 85 өлеңін босния тіліне аударған.
Осы орайда, түркі әлемінін зерттеуші – журналист Аида Эйвазлы Әзербайжан Республикасының Босния және Герцеговинадағы дипломатиялық өкілдігінің бастамасымен Сараево Университетінің Шығыстану институтындағы белгілі ғалымдармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында аталған университеттегі Шығыстану институтының директоры, доктор Аднан Кадрич институттың соңғы 70 жылда қол жеткізген жетістіктері, сондай-ақ Босния мен Герцеговинадағы Әзірбайжан дипломатиялық өкілдігімен ынтымақтастық туралы баяндады. Алқалы жиынға «Осман дәуірінің тарихын зерттеу» бөлімінің докторы Аладдин Нусич және профессор Нихад Достович қатысты. Олар өз кезегінде Осман империясының Босния мәдениетіне, сот төрелігіне және елдің одан әрі азат етілуіне ықпалы туралы қызықты мәліметтермен бөлісті.
Сонымен қатар кездесуде Аида Эйвазлы жиналғандарға Халықаралық Түркі академиясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді.