Президент • 25 Ақпан, 2020

Президент әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізудің жаңа тәртібін бекітті

254 реткөрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев орталық атқарушы органдар басшылары мен әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізудің жаңа тәртібін бекітті. Бұл туралы Ақорданың баспасө қызметі хабарлады.

«Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

 ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 14, 53-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Орталық атқарушы органдардың (Қазақстан Республикасының Қорғаныс, Сыртқы істер министрліктерін қоспағанда) басшылары жыл сайын екінші тоқсан ішінде өңірлермен бейнеконференцбайланысын, әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ақпараттық интернет-ресурста онлайн-трансляция ұйымдастыра отырып, жұртшылық өкілдерімен есеп беру кездесулерін өткізсін, олардың барысында елде іске асырылып жатқан реформалар, əлеуметтік-экономикалық даму, стратегиялық жоспарлардың түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу мен тиісті салаларды дамыту жөніндегі міндеттер, олардың проблемалары мен шешу жолдары туралы хабардар етсін.

2. Барлық деңгейдегі әкімдер жыл сайын бірінші тоқсан ішінде халыққа есеп беру кездесулерін өткізсін, олардың барысында елде іске асырылып жатқан реформалар, өңірді одан әрі дамытудың міндеттері мен негізгі бағыттары, проблемалық мәселелер және оларды шешу бойынша жоспарлар туралы хабардар етсін.

Есеп беру кездесуі әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда онлайн-трансляция және аудан орталықтарымен және басқа да елді мекендермен бейнеконференцбайланысын (техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып) ұйымдастырыла отырып өткізіледі.

Есеп беру кездесуі өткізілуінен бір күн бұрын және есеп беру кездесуі өткізілгеннен кейін азаматтарды жеке қабылдау өткізіледі.

Есеп беру кездесуі өткізілгенге дейін мәслихаттар депутаттарын, жұртшылық, бизнес және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тарта отырып, тиісті қоғамдық кеңестердің отырыстарында облыстар, қалалар және аудандар әкімдерінің есептерін тыңдау өткізілсін, олардың барысында  әкім тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің өткен жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы, аумақтарды дамыту бағдарламаларының түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу,  өңірді одан әрі дамытудың міндеттері мен негізгі бағыттары, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын айқындау бөлігінде жергілікті бюджеттердің жобаларын қалыптастыру процесі туралы хабардар етеді.»;

5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) есеп беру кездесулері өтетін күннен бір ай бұрын орталық жəне өңірлік баспа бұқаралық ақпарат құралдарында, ресми интернет-ресурстарда жəне «электрондық үкіметтің» веб-порталында, оның ішінде ашық деректердің интернет-порталында, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі орталық атқарушы органдардың, әкімдіктердің ресми аккаунттарында және министрлер мен әкімдердің жеке аккаунттарында есеп беру кездесулерін өткізу кестелерін және алдағы есеп беруге халықтың сұрақтары мен ұсыныстарын жолдау тәсілдері туралы ақпаратты жарияласын;»;

6, 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Есеп беру кездесулері және азаматтарды қабылдау аяқталған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей есептерді және оларды шешу бойынша тиісті шаралар қабылдау мерзімдерін көрсете отырып, есеп беру кездесулерінде халық көтерген проблемалық мәселелер тізбесін:

орталық атқарушы органдардың басшылары және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың әкімдері тиісті мемлекеттік органның ресми интернет-ресурстарында;

аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің, кенттер мен ауылдардың әкімдері бұқаралық ақпарат құралдарында және бар болған жағдайда әкімдер аппараттарының ресми интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.

7. Есеп беру кездесулерінде халық көтерген проблемалық мәселелердің шешілу барысы (проблемалық мәселелер, орындалу барысы) туралы ақпарат тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың оныншы күніне қарай орталық атқарушы органдардың және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, қаладағы аудандар әкімдерінің, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтер, кенттер және ауылдар әкімдіктері аппараттарының интернет-ресурстарында орналастырылсын. Қаладағы аудандар әкімдіктерінің, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдық округтер, кенттер және ауылдар әкімдері аппараттарының интернет-ресурсы болмаған жағдайда проблемалық мәселерді шешу барысы туралы ақпарат жергілікті баспа басылымдарында жариялансын.»;

12-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;

12-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) орталық атқарушы органдардың, ұлттық холдингтер мен компаниялардың ресми интернет-ресурстарында әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерінің қорытындысы бойынша халық көтерген мәселелердің қатарынан өз құзыретіне кіретін проблемалық мәселелердің тізбесін тоқсан сайын өзектілендіре отырып орналастыруын;».

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Соңғы жаңалықтар

Сақтық шараларын сақтау маңызды

Коронавирус • Бүгін, 13:08

Туризм дамысын десек...

Қазақстан • Бүгін, 12:55

Туризмнің тұралаған тұстары көп

Қазақстан • Бүгін, 12:46

Итаяқпен ас ішкен әйел

Руханият • Бүгін, 10:30

Ұқсас жаңалықтар