Елбасы • 25 Ақпан, 2020

Нұрсұлтан Назарбаев Жансейіт Түймебаевты қабылдады

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кездесу барысында Елбасына Қазақстан халқы Ассамблеясының және өңірлік Достық үйлерінің жұмыс жоспарының орындалуы туралы ақпарат ұсынылды. Бұл туралы Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев Жансейіт Түймебаевты қабылдады

– 1995 жылы біз көпұлтты мемлекетіміздің барлық азаматтарының құқықтарын қорғау үшін Қазақстан халқы Ассамблеясын құрдық. Кейін Ассамблея конституциялық органға айналды. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап біз үнемі еліміздегі барлық этнос өкілдерінің теңдігін қамтамасыз еттік, - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының аппараты мәдени және ойын-сауық іс-шараларға емес, ең алдымен сараптамалық жұмыстарға баса мән беруі керектігін атап өтті.

– Біз 30 жылдың ішінде қазақстандықтардың бірлігі мен тұтастығының арқасында бүгінгі жетістіктерге қол жеткіздік. Көпұлтты мемлекет болуымыз – біздің артықшылығымыз, - деді Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы аппараты мен өңірлік өкілдіктерінің қызметін жандандыру үшін аудит өткізуді тапсырды.

Өз кезегінде, Ж.Түймебаев Ассамблеяның ғылыми-сараптамалық қызметін күшейту және этносаралық қатынастар саласында зерттеулер жүргізу бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады.

Кездесу соңында Қазақстанның Тұңғыш Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.