Қазақстан • 26 Ақпан, 2020

Мемлекеттік кірістер комитеті электронды салық төлеуші ретінде тіркелу кілтін беруді тоқтатты

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кірістер комитеті жеке және заңды тұлғаларға электронды салық төлеуші ретінде тіркелу кілтін беру процедурасын тоқтатты. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекеттік кірістер комитеті электронды салық төлеуші ретінде тіркелу кілтін беруді тоқтатты

Енді қазақстандықтар Ұлттық куәландырушы орталықтың электронды цифрлы қолтаңбасын «Электронды Үкімет» порталынан немесе тұрғылықты мекенжайы бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алады. Ал бұған дейін берілген ҚР ҚМ МКК электронды салық төлеуші ретінде тіркелу кілті жарамсыз деп танылады.

Ұлттық куәландырушы орталығы жеке тұлғаларға, заңды тұлғаларға, ҚР резиденті емес тұлғаларға электронды цифрлы қолтаңба мен SSL техникалық сертификатын береді. Айта кетейік, электронды цифрлы қолтаңба барлық мемлекеттік қызметкерлерге табысы мен мүлкі декларациясын тапсыру үшін қажет.  

2020 жылдың 1 қаңтарына дейін 619 295 заңды және жеке тұлғада мемлекеттік кірістер органдарының электронды салық төлеуші ретінде тіркелу кілті болған.