Аймақтар • 26 Ақпан, 2020

Заңсыз әрі қатеге толы жарнамалар үшін салынатын айыппұл көлемі қанша?

51 реткөрсетілді

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде Қоғамдық даму істері басқармасының ұйымдастыруымен астаналық жарнама агенттігі өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласында 2 мыңнан астам жарнама құрылымы бар. Яғни олардың қатарына билбордтар, афишалар, LED экрандар, аялдама кешендері кіреді. Нақтырақ айтсам, қалада 95 LED экран бар. Бір өкініштісі, соңғы уақытта заңсыз немесе тиісті органдардан келісім алмай ілінген жарнамалар көбейіп барады», – деп Қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Талғат Рахманберді қаладағы негізгі проблемалардың бірінің басын ашты.

Кездесу барысында сөз алған Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Ономастикалық жұмыс және мемлекеттік рәміздер бөлімінің басшысы Гүлжан Құрманғалиқызы заңсыз әрі қатеге толы жарнамалар үшін алдағы уақытта салынатын айыппұл туралы түсіндіріп берді.

«Біз жарнама агенттіктері берген мәтіндерді тексеріп, келісім береміз. Әкімшілік-құқықбұзушылық кодексінің 455-бабына сәйкес айыппұл салу ісі қарастырылған. Аталған баптың 3-тармағы бойынша ҚР заңдарына жарнама тарату тілдеріне белгіленген талаптарды бұзу жеке тұлғаларға 20 АЕК, лауазымды тұлғаларға 70 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық ұйымдарға 100 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 150 АЕК, ал ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 400 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Осыған орай Тіл туралы заңның 21-бабына сәйкес кез келген ақпарат (оның ішіне жарнама да кіреді) мемлекеттік тілде және орыс тілінде болуы тиіс», – деп Гүлжан Құрманғалиқызы жарнама агенттігінің өкілдеріне ескерту жасады.

Жиын барысында сөз алған Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы Сергей Ильиных соңғы уақытта жарнама билбордтары арқылы есірткі саудасы жарнамаланып кеткен сәттер болғанын жеткізді.

«Есірткі бизнесі өз қылмысын жарнамалау үшін ақпараттық технологияларды қолдануда. Осы мақсатта интернет ресурстарын, түрлі мессенджерлерді пайдаланады», – дейді Сергей Ильиных.

Ол өз сөзінде 2019 жылдың 27 желтоқсанынан бастап арнайы заң жобасы енгізілгенін, оның негізінде есірткі немесе соған ұқсас өнімдерді насихаттаған, жарнамалаған азаматтар үш жылға дейін, ал БАҚ беттерінде немесе өзге де құралдарда жариялағандарға 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын жеткізді. Басқосуда Қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Талғат Рахманберді жарнама агенттіктеріне 2020 жылдың 3 наурызына дейін жарнамалық нысандардың эстетикалық түрін қалпына келтіру, сондай-ақ, «Жарнама туралы», «Тіл туралы» заңдарды, ҚР басқа да нормативтік актілерін сақтау туралы тапсырма берді. Кездесу соңында Қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Талғат Рахманберді мұндай қиындықтар, заңсыз әрекеттерді болдырмау үшін бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.

Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ахуал қандай?

Коронавирус • Бүгін, 10:57

Қызылорда: Тағы 3 адам тіркелді

Аймақтар • Бүгін, 09:57

ММА: UFC-ді сынға алды

Спорт • Бүгін, 09:20

Жұдырықтай жұмылайық

Руханият • Бүгін, 07:45

«Москваның» мәселесі көп

Аймақтар • Бүгін, 07:36

Зауалды бірлік жеңеді

Қоғам • Бүгін, 07:35

Жастар ауылдан кетпейді

Аймақтар • Бүгін, 07:34

Игіліктің бәрі халық үшін

Саясат • Бүгін, 07:25

Тұрғын үй бағасы қалай құбылады?

Экономика • Бүгін, 07:24

Ескінің жазығы – жаңаның қазығы

Руханият • Бүгін, 07:17

Гүлзада тіккен бетперде

Аймақтар • Бүгін, 07:12

Штаб құрылды

Аймақтар • Бүгін, 07:08

Елін өрге сүйрейтіндер

Руханият • Бүгін, 07:06

Бас қала әуежайының коды өзгерді

Қазақстан • Бүгін, 06:59

Төрімізде тұруы тиіс

Абай • Бүгін, 06:46

Ұлы мұра – ұлт мұраты

Абай • Бүгін, 06:42

Тұтқадағы тазалық

Қоғам • Бүгін, 06:33

Тасқынға мониторинг жүргізілді

Аймақтар • Бүгін, 06:31

Жаман індет жаназа кезінде жұққан

Коронавирус • Бүгін, 06:27

Жұмыссыздар қолдауға мұқтаж

Парламент • Бүгін, 06:25

Егіс науқанына ерекше қолдау

Экономика • Бүгін, 06:25

Ұқсас жаңалықтар