Аймақтар • 26 Ақпан, 2020

Оралда Қадыр кеші өтті

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орал қаласындағы Жастар мәдениет сарайында ақын, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлидің туғанына 85 жыл толуына орай «Өз елім» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды.

Оралда Қадыр кеші өтті

Рафхат ХАЛЕЛОВ

Ақынның мерейтойына орай Орал қаласында 5 қаңтар-5 ақпан аралығында «Қадырды бірге оқимыз» атты қалаішілік акция өткен еді. Акцияға Қадыр өлеңдерін жатқа оқитын әр жастағы оқырмандар қатысқан. Осы кеште сол акцияға белсене қатысқан қала тұрғындары Орал қаласы әкімі Абат Шыныбековтың алғыс хатымен марапатталды.

- Биыл елімізде ерекше атаулы даталарға толы жыл болып тұр. Соның бірі – дана да дара ақын Қадыр Мырза Әлінің 85 жылдығы. Қадырды танитын адам қазақты таниды. Ақын өлеңдерінде адам ұғымындағы махаббат, бақыт, балалық пен жастық шақ, кәрілік кезеңге дейінгі сәттерді әдемі суреттеген. Сондықтан, біздің еліміз қазақтың дара Қадырын құрмет тұтады, - деді әдеби кеште сөз алған қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов.

Ақын өлеңін қасиет тұтып, «Қадырды бірге оқимыз» акциясына белсене қатысқан балабақша тәрбиеленушілері Мәдина Тілекқабылова, Егор Купряхин, Нұрсұлтан Қонысұлы, Әділхан Мақсот, Еркеназ Қалихан, Айша Хамидолла және акцияда белсенділік танытқан мектеп оқушылары мен студенттер алғыс хат иеленді.

 

Батыс Қазақстан