Аймақтар • 26 Ақпан, 2020

Алматыда «Ұлы Жеңіс – Ұрпаққа аманат» атты мерейтойлық жиын өтті

16 реткөрсетілді

Алматыдағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс – Ұрпаққа аманат» атты мерейтойлық жиын өтті.

Қазақстан  Республикасының Ұлттық кітапханасы Ресейдің Бас консулдығы және Алматы қаласындағы Ресей ынтымақтастығы өкілдігімен бірлесіп ұйымдастырған айтулы шараның басты мақсаты – Отанға деген махаббаттың, еңбекқорлық пен жанқиярлықтың, бірлік пен тұтастықтың арқасында Достастық мемлекеттерінің бейбітшілігін, бостандығы мен тәуелсіздігін қамтамасыз еткен азаматтардың ерлігіне тағзым ету.

Жиында алғашқы болып сөз алған Ұлттық кітапхананың директоры Бақытжамал Оспанова «Биыл Ұлы Жеңістің 75 жылдығы ел елде, жер-жерде кеңінен аталып өтуде. Бұл – Қазақстан және бұрынғы ТМД елдері үшін ортақ мереке. Сол сұрапыл соғыс кезіндегі отандастарымыздың ерлігі кейінгі ұрпақтың жадында мәңгі сақтап қалу үшін осындай шараларды жиі ұйымдастырып тұру қажет. Төрт жылға созылған қан майданға Қазақстаннан 1,2 миллионнан аса адам аттанды. Соның әрбір төртеуі қаза тапты. Көзсіз ерлік көрсеткені үшін 512 азаматымыз Кеңес Одағының Батыры атанды. Сол атақты екі реттен иеленгендер де бар. Қазақстан халқының тылдағы ерлігі де ерен. Жасы бар, қарты бар, еркегі бар, әйелі бар республикамызға көшірілген және осында салынған 460 зауытта күні-түні тынымсыз еңбек етті. Ұлы Отан соғысы кезінде атылған әрбір он оқтың тоғызы біздің елде жасалды. Одан бөлек, көмір өндірді, егін екті, мал асырады. киім-кешек жасады... сол өнімдердің барлығын майданға аттандырды. Осылайша, фашистік Германия мен оның одақтастарын тас-талқан етіп, мемлекетімізді жаудан азат еттік. Осының барлығы кейнгі ұрпақтың жадында»,  – деп тебірене сөйледі.

Жиында Ресейдің Бас консулдығы мен Алматыдағы Ресей ынтымақтастығы өкілдігінің өкілдері Степан Соколов пен Ирина Переверзева, Алматы қаласы Медеу аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ким Серікбаев, Қазақстанның Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары Бақыт Беделхан және Рейхстагқа ту тіккен қазақтың батыр ұлы, Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың қызы Әлия Рақымжанова сөз сөйлеп, Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақстандықтардың ерлігі жайында кеңінен баяндады.

Салтанантты шараның соңы мерекелік концертке ұласты. ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Алматы филиалының әскери оркестрі, И.В.Панфилов атындағы Қазақстан-Ресей мамандандырылған №54 мектеп-лицейі  жанындағы «Жұлдыздар» вокалды  ансамблі, «Дивертисмент» скрипкашылар ансамблі,  «Славян базары» конкурсының Гран-при иегері Әділхан Макин және тағы басқа өнерпаздар өз өнерлерін ортаға салды. 

Сонымен қатар, осы шара аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қоры «Ұлы Жеңіске – 75 жыл»  атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ахуал қандай?

Коронавирус • Бүгін, 10:57

Қызылорда: Тағы 3 адам тіркелді

Аймақтар • Бүгін, 09:57

ММА: UFC-ді сынға алды

Спорт • Бүгін, 09:20

Жұдырықтай жұмылайық

Руханият • Бүгін, 07:45

«Москваның» мәселесі көп

Аймақтар • Бүгін, 07:36

Зауалды бірлік жеңеді

Қоғам • Бүгін, 07:35

Жастар ауылдан кетпейді

Аймақтар • Бүгін, 07:34

Игіліктің бәрі халық үшін

Саясат • Бүгін, 07:25

Тұрғын үй бағасы қалай құбылады?

Экономика • Бүгін, 07:24

Ескінің жазығы – жаңаның қазығы

Руханият • Бүгін, 07:17

Гүлзада тіккен бетперде

Аймақтар • Бүгін, 07:12

Штаб құрылды

Аймақтар • Бүгін, 07:08

Елін өрге сүйрейтіндер

Руханият • Бүгін, 07:06

Бас қала әуежайының коды өзгерді

Қазақстан • Бүгін, 06:59

Төрімізде тұруы тиіс

Абай • Бүгін, 06:46

Ұқсас жаңалықтар