Хоккей • 26 Ақпан, 2020

Шайбалы хоккей: Плей-оффқа шыққан барлық команда белгілі

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасындағы (ҚХЛ) тұрақты біріншіліктің қорытындысы бойынша Гагарин кубогы үшін таласатын барлық 16 команда белгілі болды. 

Шайбалы хоккей: Плей-оффқа шыққан барлық команда белгілі

Шығыс конференциясынан «Ақ Барс» (Қазан), «Авангард» (Омбы), «Барыс», (Нұр-Сұлтан), «Автомобилист» (Екатеринбург), «Сибирь» (Новосібір), «Салават Юлаев» (Уфа) және «Металлург» (Мангитогорск) сынды клубтар 1 наурызда басталатын плей-офф додасында қатысады.

 

Ал Батыс конференциясының ЦСКА (Мәскеу), СКА (Санкт-Петербург), «Йокерит» (Хельсинки), «Динамо» (Мәскеу), «Спартак» (Мәскеу), «Локомотив» (Ярославль), «Витязь» (Подольск) және «Торпедо» (Төменгі Новгород) командалары дәл сондай мүмкіндікке ие болды.