Аймақтар • 26 Ақпан, 2020

Маңғыстауда мал ұрлағандар ұсталды

829 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Мал ұрлығы» жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында облыс аумағында ҚР ӘҚБтК 406-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін облыстық аумақтық инспекциясына 8 материал жолданды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстауда мал ұрлағандар ұсталды

Полиция қызметкерлері мал және ет өнімдерін тасымалдайтын автокөліктерді, оларды өткізу орындарын, шаруа қожалықтарын, мал жайылым нүктелерін, фермаларды тексереді. Ұрлықтың себебі материалдық-жауапты тұлғалардың және азаматтардың өздерінің өз малының сақталуына немқұрайлы қарауы болып табылады, бұл қылмыскерлерге өздерінің зұлымдығын жай және кейде жазасыз ойын асыруға мүмкіндік береді.

Іс-шараның бірінші күнінде Мұнайлы және Қарақия аудандарында 2 қылмыстық құқық бұзушылық фактісі тіркелді. Мысалы, Қарақия ауданының Жетібай ауылында мал ұрлығы орын алған. Белгісіз ауыл тұрғынының 1 бас қойын ұрлап кеткен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды. Кінәсін толық мойындады.

Осындай жағдай Мұнайлы ауданында да болды. Белгісіз тұлға Мұнайлы тұрғынына тиесілі қойын ауласынан ұрлап кеткен. Кейін күдікті полиция қызметкерлерімен анықталып, ұсталды. Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады.

Аталған екі факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Маңғыстау облысы