Аймақтар • 26 Ақпан, 2020

Қармақшыда халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті

302 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қармақшы ауданы әкімдігі мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Жосалы кентінде халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер және бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Қармақшыда халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті

Жәрмеңкеде жұмыспен қамту, білім, жер, тұрғын үй, сәулет және құрылыс, азаматтық хал актілерін тіркеу, әділет, мемлекеттік кірістер, көші-қон салалары бойынша қызметтер көрсететін уәкілетті органдар мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы аудандық бөлімінің өкілдері жиналғандарға өз салалары бойынша кеңінен түсінік берді.

ҚР МҚІА облыстық департаментінің басшысы Нұрман Талқанбаев шараның маңыздылығына тоқталды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесінің мақсаты – тұрғындарға бір мезетте бір жерден бірнеше қызметтерді алу және сала мамандарынан заңгерлік кеңес алу мүмкіндігін қамтамасыз ету болып отыр.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі мемлекеттік органдар мен жеке мекемелерге өздерінің талаптарына сәйкес келетін мамандарды табуға, ал аудан тұрғындары үшін мамандықтары бойынша жұмыс іздеуге үлкен мүмкіндік беретініне сенімдімін, - деді Н.Талқанбаев.

Жәрмеңкеге келген тұрғындарға «Digital agent» мобильді қосымшасы арқылы қызмет сапасына шағым беру тәртібі түсіндірілді. Сондай-ақ, «еgov-mobile» мобильді қосымшасы, «Үшінші тұлғалар сервисі» мен Telegram-бот көмегімен түрлі анықтамалар алу жолдары көрнекі түрде көрсетілді. Бірнеше тұрғынға электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) рәсімделіп, ЭЦҚ көмегімен қажетті құжаттарын сол жерде алды.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде кент әкімі аппаратына қарасты «Толғанай» балабақшасы, №105 мектеп, Төребай би ауылдық клубы, №111 мектеп мекемедегі тиісті мамандарға сұраныс жасады.

Жалпы алғанда, жәрмеңкеде 7 мемлекеттік мекеме, 6 кәсіпкерлік субъектісінен бос жұмыс орындары ұсынылып, 27 адамға тұрақты жұмысқа, ал 3 тұрғынға уақытша жұмысқа жолдама берілді.

Сонымен қатар, жәрмеңкеде 12 адам «Жастар тәжірибесі» бойынша, 13 тұрғын кәсіпкерлік негіздері курсын оқу бойынша кеңестер алды.