Бұған себеп – елде коронавирустың өршуі. Сеулдің ресми түрде біріншіліктен бас тартқаны туралы Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы да (ISU) растап отыр.
«ISU Сеулдегі коронавирусқа қатысты жағдайды үнемі бақылауда ұстап, ең соңына дейін жақсылықтан үміттенгенін мәлімдеді. Алайда, Оңтүстік Кореяның конькимен жүгірушілер одағы Сеулдегі құзырлы органдардың жарыс өтуі тиіс Мокдонг мұз айдыны сарайын жауып, жоспарланған іс-шараларады толығымен кейінге шегергенін жария етті. Осыған байланысты, шорт-тректен 13-15 наурыз аралығында өтуі тиіс әлем чемпионаты белгісіз мерзімге кейінге қалды. Әзірге, әлемдік доданың нақты қашан және қайда өтетіні анықталған жоқ», - делінген ақпаратта.