Спорт • 27 Ақпан, 2020

Теннис: Бублик екінші кезеңде ұтылды

99 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) астанасы – Дубайда өтіп жатқан АТР турнирінің екінші кезеңінен аса алған жоқ.

Теннис: Бублик екінші кезеңде ұтылды

Жұлде қоры 2,8 миллион АҚШ долларын құраған жарыстың тұсаукесер кездесуде ол польшалық Хуберт Гуркачты ұтқан еді. Екінші кезеңде жерлесіміздің жолы грекиялық Стефанос Циципаспен қиысты.

Әлемнің екінші ракеткасы атанып отырған көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазына Александр Бубликтің әлі жетпеді. Бұл бәсеке 7:6, 6:4 есебімен Гректия теннисшісінің пайдасына шешілді.