«Олардың арасында еңбек қызметімен айналысатын азаматтарымыздың саны 300-ге жуық. Белгілі шектеулері болса да, қызметшілердің кәсіби қасиеттерін алға қоятын жұмыс берушілердің де саны өсіп келеді. Жақын болашақта қоғамда қалыптасқан стереотиптерді түбегейлі жоятындығымызға сенгім келеді.
Цифрландыру ғасырында әртүрлі мәліметтер базалары, соның ішінде электронды еңбек биржалары құрылуда, соның арқасында бүкіл Қазақстан бойынша бос жұмыс орындары мен сауалнамаларды көре аламыз. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы ENBEK-QOLDAU.KZ жеке мәліметтер базасы қолданыста.
Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін әлеуметтік маңызды объектілерге қол жетімділік жағдайларын қамтамасыз ету күнделікті назарымызда екендігін атап өткім келеді. Бұл бағытта азаматтарымыздың тілектерін орындауға барынша тырысамыз» - деді аудан әкімі.