Еуропалық Парламент делегациясының құрамына Болгария, Германия, Италия, Латвия, Литва, Мажарстан, Польша және Франция депутаттары кірді.
Келіссөздердің негізгі тақырыбы Қазақстан мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің (КӘЫК) толық күшіне енуі қарсаңында ынтымақтастықтың саяси және сауда-экономикалық перспективаларын талқылау болды. Бұл ретте, Орталық Азия бойынша Еуропалық Одақтың жаңа Стратегиясы шеңберінде практикалық өзара іс-қимылға және Еуропа мен Азияның өзара байланысына ерекше назар аударылды.
Қазақстан дипломаттары еуропалық саясаткерлерді КӘЫК шеңберінде екіжақты әріптестікті жандандыруға, сондай-ақ Еуропа елдерімен іскерлік және мәдени-гуманитарлық алмасуларды арттыру мақсатында ҚР азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету бойынша ҚР мен ЕО арасындағы келіссөздер процесін жылдам іске қосуға шақырды.
Өз кезегінде ЕП делегациясының басшысы Ф. Мартушелло 2020 жылғы 20 қаңтарда Брюссельде өткен ҚР-ЕО ынтымақтастық кеңесінің 17-ші отырысының қорытындылары бойынша ЕО институттарымен ҚР Президенті К. Тоқаевтың демократиялық және әлеуметтік-экономикалық реформаларын қолдау туралы тараптардың қол жеткізген уағдаластықтарына жоғары баға берді.