«Қамқорлықтарыңыз үшін баршаңызға рақмет! Мен аман-саумын, денсаулығым жақсы. Өтінемін, уайымдамаңыздар. Карантинде де емеспін. Бәрі де қауіпсіз әрі дені сау күйде болар деген сенімдемін» деп жазды Джеки Чан Instagram парақшасында.
Айта кетсек, бірқатар БАҚ-та актер коронавирус жұқтырғаны жайлы ақпарат шыққан еді. Соның ішінде шетелдік тілшілер Джеки Чанның Гонконгтегі кешінен кейін карантинге жатқызылғанын жазды.