- Мен жақында Талдықорғанға арнайы барып, облыс әкімі Амандық Баталовтың есеп беру жиынына қатысқан едім. Жиналыстан соң арнайы сөз сұрап, сын сағатта Арыс халқының қиындығын бөлісіп, жанымыздан табылған, қираған үй-жайымызды қалпына келтіруге көмек берген Жетісу жұртына, әкімшілік қызметкерлерге, құрылысшыларға рахметімді айтым. Алғыс айту күніне орай жерлестерімнің атынан сіздердің газет арқылы тағы да ризашылығымызды жеткізгіміз келеді, - дейді Арыс қаласының тұрғыны Роза Әбдірахманова.
Өткен жылы Арыс қаласында орналасқан әскери қару-жарақ қоймасында жарылыс болып, бейбіт тұрғындар зардап шеккен-ді. Көптеген тұрғын үй қирап, мыңдаған адам баспанасыз қалды. Арыс трагедиясының салдарын жоюға тұтас Қазақстан жұрты жұмылып, мемлекет тарапынан арнайы шара қабылданған еді. Қаладағы қираған үйлерді жөндеуге еліміздің барлық аймағы кірісіп, облыс әкімдіктерді әр аумақ бойынша жауапты болды. Қалыпқа келтіру жұмыстарына Алматы облысы да бел шеше кірісіп, құрылысқа қарқын қосты.
- Арыс оқиғасы Жетісу халқының да қабырғасын қайыстырды. Тұрғындар зардап шеккен адамдарға ерікті түрде көмек көрсетуді қолға алып, азық-түлік, киім-кешек, құрылысқа қажетті заттар жинауды ұйымдастырып, ақшалай да көмек беруге кірісті. Облыстан бірнеш рет қайырымдылық керуені жасақталып, Арысқа жөнелтілді. Мұның бәрі қазақ халқының қайырымды, қиындықты бірге жеңуге жұмылатын ауызбірлігін көрсетті. Ал Мемлеке Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласына арнайы барып, тұрғындармен кездесті. Осы жолы зақымданған үй мен ғимараттарды толық жөндеуге тапсырма берді. Бұл ауыртпалықты әр облыс көтеретін болды. Қаланы жекелеген секторға бөліп қалыпқа келтірудің жолын айтты. Алматы облысының үлесіне 15- учаске тиді. Біз қалыпқа келтіру жұмысын жедел бастадық. Сондай-ақ, Арыс мектептертінде оқитын 150 баланы Жетісудың табиғаты тамаша демалыс орындарында тегін демалуға шақырып, жазғы каникулді қызықты өткізуге күш салдық, - деп еске алады бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов.
Былтыр Арыс қаласын қалпына келтіруге Алматы облысының бюджетінен 11 миллиард 393 миллион теңге бөлінген екен. Бұл қаржының 1 065 700 мың теңгесі жұмсалып, 58 898 000 теңге ақша үнемделіпті. Бұдан бөлек ел Үкіметінің қосалқы қорынан бөлінген 1 миллиард теңге қаржыны да облыстың құрылыс компаниялары игеріп, қалпына келтіру жұмыстарына жұмсады. Жетісулық компаниялар жөндеу жұмыстарын толық аяқтап, тұрғын үй мен ғимараттарды көрсетілген мерзімде пайдалануға берді. Яғни, 802 жеке баспана толықтай жаңғыртылып, 18 тұрғын үйдің құрылысы дер кезінде бітті.
– Өткен жылы 24 маусым күні арыстықтардың басына ауыр қайғы түсті. Орын алған төтенше жағдай халқымыздың қабырғасын қайыстырды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы келіп, қазақстандықтарды Арысқа көмек қолын созып, қаланы қалпына келтіруге шақырды. Осыдан кейін еліміздің түкпір-түкпірінен Арысқа көмек ағылды. Арыс қаласын қалпына келтірудің жоспары жасалып, қала 17 бөлікке бөлінді. Солардың ішіндегі тұрғын үйлері, әлеуметтік, коммерциялық нысандары көп, адамы тығыз орналасқан біз тұрған аумақты қалпына келтіру міндеті Алматы облысына берілді. Жетісулықтарға дән ризамыз. Обылс әкімінң бірініш орынбасары Ләззат Тұрлашев бастаған топ жаз бойы Арыста, құырлыс басында жүрді. Амандық Баталовтың өзі де бірнеш келіп, жұмысты көрді. Біз күн суығанға дейін баспанамыз жөнделсе деген тілекпен жүрдік. Рахмет, жетісулықта разама текен. Арада бірнеше ай өтпей қала қалпына келіп, үйлеріміз жөнделоді, кейбірі жаңадан салынды. 2020 жылды сол жаңа үйімізде қарсы алдық. Жетісу жұртынан айналайын, – дейді Арыс қаласының тұрғыны Роза Әбдірахманова.