Назарбаев Университетте Халықаралық түркі академиясы және аталған жоғары оқу орнының «Рухани жаңғыру» мәдени орталығының қолдауымен қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Абай оқулары» байқауы өтті.

Жастардың шығармашылық бастамаларын қолдау, ұлтымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы әдеби мұрасын насихаттау, өскелең ұрпақты қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, философиялық көзқарастары мен ғибратын зерттеуге тартуды мақсат тұтқан тағылымды іс-шараға университет студенттері атсалысты. Ақын өлеңдерін жатқа оқу, әндерін орындау және Абай поэзиясын өзге тілдерге аудару аталымдары бойынша өткен сөз додасында қатысушылар өнеріне белгілі актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Алтынай Нөгербек бастаған өнер мен әдебиет әлемінің белгілі өкілдері қазылық етті.
2010 жылы іргесі қаланған әлемдік стандартқа сай білім беретін, еліміздегі бірегей жоғары оқу орны – Назарбаев Университеті жастардың сапалы білім алуына жағдай жасап, олардың болашағына жарқын жол ашуда. Ұшан-теңіз жұмыс атқарып, талай игі бастамаларға мұрындық болып келеді. Соның бірі – «Рухани жаңғыру» мәдени орталығы. Университетте тек жаратылыстану мен медицина бағытында білім алатын жастарды рухани кемелденуге, ұлтының тарихы мен табиғатын тануда, әрбір студентті ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеуде аталмыш орталықтың берер тағылымы мол. Оның бір дәлелі – «Абай оқулары» байқауы.
– Шындығында біздің студенттер ешқандай гуманитарлық немесе арнайы салаланған қазақ тілі мен әдебиетінен білім алып жатқан жоқ. Бірақ соған қарамастан, ұлы ақынның өлеңдерін жаттап, айтулы байқауға қатысуға ниет білдіргендер өте көп. Бұл – олардың ақынға, қазақтың қара өлеңіне деген риясыз махаббаты деп білемін. Адам қанша білімді болса да, өз ұлтының болмысы мен төл тарихын білмесе, ол адамның елі үшін еміреніп, Отанына жан жүрегімен қызмет етуі мүмкін емес. Осы себепті жастарымызды жаратылыстану саласымен ғана шектемей, рухани кемелденуге, жан-жақты, интеллектуал адам болып ер жетуіне барынша басымдық беріп, сол үшін аянбай жұмыс істеп жатырмыз. Ал Абай әлемі – бүгінгі өскелең ұрпақтың бет бұрып, бой түзер темірқазығы. Себебі Абайдың сөзі – ғасырдың сөзі. Тамыры берік бекіген ұлттың келешегі кемел, ертеңі еңселі. Сондықтан ақын әлеміне терең бойлап, ғибратын ұғуды негізгі мақсатымыз еттік. Назарбаев Университеті ұжымының басты ұстанымы – осы, – деді жоба жетекшісі, Назарбаев Университеті жанындағы «Рухани жаңғыру» мәдени орталығының директоры Гүлтас Сайынқызы.
Отызға жуық студент қатысқан «Абай оқулары» байқауының жүзден жүйрік шыққан жеңімпаздары әр аталым бойынша жеке-жеке анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Атап айтсақ, Абай өлеңдерін жатқа оқуда бас жүлдені «Ескендір» поэмасын мүдірмей оқып, қазылар алқасын әртістік шеберлігімен тәнті еткен Әнел Ерінбек еншілесе, ал Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін қара домбыра күмбірімен сүйемелдеп, нақышына келтіре шырқаған университет студенті Медет Еркін «Абай әндерін орындау» аталымында топ жарды. Ақын поэзиясын өзге тілдерге аудару байқауында І орынды «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңін ағылшын тіліне тәржімалаған Мөлдір Бижанова иеленді. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен арнайы дипломдар табысталды.
Абайды қазақтың өзі, ұлттың рухы десек, сол отансүйгіштік сезімді бүгін көздерінде от ойнап, сөздерінен ұшқын атқан жалынды жастардан анық сезіндік. Мамандығын жетік игеріп қана қоймай, елінің тарихы мен ұлтының болмысын танып, талантына тағзым етуге бағытталған талпыныстарына тәнті болдық.Абай әлемі адастырмайды.
Үлестік құрылыс проблемалары қалай шешіледі?
Экономика • Бүгін, 00:57
Үкімет • Бүгін, 00:49
БҰҰ-ның Жаһандық шартына қосылды
Экономика • Бүгін, 00:34
Болашағымызға бейқам қарамайық
Қазақстан • Кеше
Әлеуметтік қойылым ЖИТС құрбандарына арналды
Аймақтар • Кеше
Қазақ сыныбы неге қағажу көре береді?
Білім • Кеше
Үш буынды модель: Тергеу сапасы мен жеделдігі артады
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Ағатай, жан қалтаңда құртың бар ма?»
Өнер • Кеше
Әдебиет • Кеше
Түрленген театрдың көрермені көбейді
Театр • Кеше
Иса ақынның сүйіншіге берген домбырасы
Қазақстан • Кеше
Экология • Кеше
Экология • Кеше
Аймақтар • Кеше
Театр • Кеше
Өнер • Кеше
Үш өңірде қуаңшылық болады - Қазгидромет
Ауа райы • Кеше
Елорданың тағы бір көшесінде автобус жолағы пайда болады
Елорда • Кеше
Ереймен жеріндегі ежелгі нысандар
Руханият • Кеше
Журналистерге жүлде жауған күн
Қазақстан • Кеше
Бірнеше өңірде 44-45 градус ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай кең көлемді іс-шара ұйымдастырылады
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Air Astana компаниясын IPO-ға шығару кейінге қалдырылды
Қазақстан • Кеше
Кен игерушілер пайдалы қазбаларды игеру салығынан босатылады
Қазақстан • Кеше
Шілдеде қазақстандықтар қанша күн демалады?
Қоғам • Кеше
Елорда тұрғынынан 40 келі есірткі заты табылды
Қоғам • Кеше
ҚазМұнайГаз акциялары AIX және KASE алаңында IPO-ға шығады
Қазақстан • Кеше
Әділет министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Павлодар облысында қант зауыты іске қосылады
Аймақтар • Кеше
Ұлытау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды
Аймақтар • Кеше
Жезқазған қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
ШҚО-да «BALKARAGAI TUNES» халықаралық музыка фестивалі өтеді
Аймақтар • Кеше
Павлодарда емханалардың жұмыс тәртібі өзгереді
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар