Қоғам • 28 Ақпан, 2020

Елордалық оқушылар тегін жүреді

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада кәмелетке толмаған балалар қоғамдық көлікпен тегін жүреді. Бұл туралы кеше «Astana LRT» ұйымдастырған көрме-конференцияда айтылды. Жиында бас қаланың көлік компаниясы өткен жылды қорытындылап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Елордалық оқушылар тегін жүреді

«Astana LRT» компаниясының басқарма төр­ағасы Бекмырза Игенбердинов наурыздан бас­тап кәмелетке толмаған барлық балалар елордада қоғамдық көлікте тегін жүретінін хабарлады.

Сонымен қатар компания басшысы серік­тестіктің атауын өзгертіп, ребрендингтің тиісті шара­ларын қабылдау туралы шешім қабылдағанын айтты. Компания басшысының сөзіне қарағанда, бұл шешім халықаралық тәжірибеге негізделіп жасал­ды. Мекеме атауы оның қызметін көрсететіндей әлемдік үрдістерге сай оңтайлы болуы тиіс. Ендігі «Астана LRT» ЖШС-ның жаңа атауы – City Transportation Systems. Қазақ тіліндегі мағынасы  қалалық көлік жүйелері дегенді білдіреді.

− Әу баста елордадағы халықтың саны 1 мил­лионға тек 2030 жылы жетеді деп болжанған еді. Алайда қала тұрғындарының саны жылдам өсіп келеді. Компанияның жұмысын жандандырып, ребрендинг жүргізіп жатырмыз. Ағылшын тіліндегі атау кездейсоқ таңдалған жоқ. Себебі біздің компания Халықаралық қоғамдық көлік одағының мү­шесі, – деді Б.Игенбердинов. Оның айтуынша, ха­лық көлік картасын қайта сатып алуға міндетті емес.