Руханият • 28 Ақпан, 2020

Димаш Құдайберген Жапониядағы «Джаз фестивалінде» концертін өткізеді

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Димаш Құдайберген ағымдағы жылы 22-24 мамыр аралығында Жапония астанасында өтетін 19-шы Токио джаз фестиваліне қатысатындығын Іnstagram  парақшасында хабарлады. 2002 жылдан бастап өтіп келе жатқан музыкалық фестивальге танымал джаз әртістері қатысады.

Димаш Құдайберген Жапониядағы «Джаз фестивалінде» концертін өткізеді

Димаш Құдайберген өткен жылы 19 қарашада Жапонияда өтетін ABU TV Song Festival 2019 концертінде өнер көрсетіп, өнерімен әлемді тәнті еткен болатын. Азия-Тынық мұхитына кіретін елдердің үздік әншілері өнер көрсеткен бұл өнер сахнасы Димашты ерекше жағдайда қарсы алған болатын.

Токиода өтетін ән байқауына қатысуға келген Димашты Жапония әуе-жайында қазақ, жапон, қытай тілінде хабарлап қарсы алуы, әншінің әлемдегі жанкүйерлеріне қанат бітіріп, әнші репертуарындағы әндер қазақ тілінде шырқалған болатын.