Аймақтар • 28 Ақпан, 2020

Қарағандылық оқушылар білім жарыстырды

421 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеншілер астанасындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде физика пәнінен айлық өтіп, онда оқушылар «Жеміс-жидек электрстанциясы», «Отты торнадо», «Гитараның дыбыстық толқындары» тақырыптары бойынша  тәжірибе сағаттарында білім жарыстырды.

Қарағандылық оқушылар білім жарыстырды

Сондай-ақ білім ошағында «Физикадан қызықты тәжірибелер» атты көрме-жәрмеңке ұйымдастырылып, физикалық құбылыстарды көрсететін тәжірибелер өткізілді. Ұйымдастырушылар осындай іс-шаралар оқушылардың креативті ойлауын, командада жұмыс істей білуін, көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдыларын дамытады деп есептейді.

Бұдан бөлек, Назарбаев Зияткерлік мектебінде ағылшын тілінде физиканы тереңдетіп оқытатын 11-сынып оқушылары арасында Physics Olympics байқауы өтті. Дода ережесі бойынша оқушылар викторина сұрақтарына жауап берді (Quiz questions) және физикалық эксперименттер жүргізді (Physics experiments in real life).

 

 

 

Қарағанды облысы