«Еңбек» жаппай кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және өнімділікті арттыруды мақсат еткен жәрмеңке барысында Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының Жұмыспен қамту орталықтарының мамандары жұмыс іздеушілерге кеңестер беріп, жұмысқа орналасуына ықпал ететін болады.
Жұмыспен, сондай-ақ жалға алатын тұрғын үймен қамтамасыз етуді мақсат ететін жәрмеңке респблика азаматтарының ерікті түрде аймақаралық қоныс аудару мәселесіне де мүмкіндік береді, дейді мамандар.
Жәрмеңке барысында еліміздің басқа да аймақтарынан жұмыс қарастырған азаматтар мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржыландыру, өз кәсібін ашу, дамыту мәселелеріне орай мамандар кеңесіне жүгіне алады.
Жәрмеңке 4-5 наурыз күндері сағат 10:00де Алматы қаласы, Бостандық ауданы, әл-Фараби даңғылы, 71/21, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ алаңында өтеді.
АЛМАТЫ