Спорт • 29 Ақпан, 2020

Көру қабілеті төмен спортшылар арасында голболдан Қазақстан Кубогы өтті

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

27-28 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет көру қабілеті төмен спортшылар арасында голболдан Қазақстан Республикасының Кубогы өтті. Оған 5 өңірден 30-дан аса голболшылар қатысты.

Көру қабілеті төмен спортшылар арасында голболдан Қазақстан Кубогы өтті

Іс-шараның мақсаты – голбол спорт түрін көпшілікке таныту. Жарыс командаларға халықаралық аренаға шығуға мүмкіндік береді. Қазақстанда голболдан 2017 жылдан бері 3 Чемпионат өтті.

 

Голболдан Қазақстан Кубогының нәтижелері:

1 орын – «Abay» командасы (Алматы қаласы)

2 орынАлматы облысының командасы

3 орынЖамбыл облысының командасы

Жастар арасындағы кубогты Түркістан облысының«Үміт» командасы жеңіп алды. «Жеңіске деген жігері үшін» Атырау облысының командасы марапатталды.

«Голбол үшін бұл үлкен қадам. Егер біз Чемпионаттармен Кубоктар сияқты көптеген жарыстарды көп өткізсек, онда әрине, ойын деңгейі көтеріледі. Сонымен қатар,осылайша голболға жаңа адамдарды тартамыз. Қазір голболды еліміздің 9 өңірінде ойнайды. Бұл Кубокта біз мықты жігіттерді байқадық, енді оларды оқу-жаттығу жиындарына шақырамыз», - деді Голбол Федерациясының Президенті Мусрят Елибакиев.  

Ұлттық паралимпиадалық құраманың оқу-жаттығу жиындары Нұр-Сұлтан қаласында наурыздың аяғында өтеді. 

Голбол – көз мүшесі зақымдалған адамдарға арналған ойын. Бұл спорт түрі Паралимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілген. Оны Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін көзі көрмейтін мүгедектерді оңалту үшін ойлап табылған. Ойын алғаш рет әлемге 1976 жылы Торонтодағы Паралимпиада ойындарында таныстырылды.