Аймақтар • 29 Ақпан, 2020

Қызылордада «Жасампаз 25 жыл» атты салтанатты шара ұйымдастырылды

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы мен 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Жасампаз 25 жыл» атты салтанатты шара ұйымдастырылды.

Қызылордада «Жасампаз 25 жыл» атты салтанатты шара ұйымдастырылды

Шарада облыс əкімі, облыстық ҚХА төрағасы Қуанышбек Ысқақов салтанатқа жиналғандарға лебізін білдірді.

Биылғы жылы өтетін әрбір мерекенің тарихи тағылымы мен рухани құндылығы терең болуы қажет. Себебі ол көпэтносты халқымыздың бірлесе жүріп өткен дара жолы, бірге көрген қиындығы мен ауыртпалығы, қол жеткізген жетістігі, тұтастай алғанда, барша отандастарымыздың ортақ рухани игілігінің өрелі өлшемі болмақ ,- деді облыс әкімі.

Мерекелік шараға Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин, РФ Алматыдағы Бас консулдығының өкілі Ольга Мощеева құрметті қонақ ретінде қатысты.«Жұлдызды қалашықтан» келген өнерпаздар арнайы əзірлеген бағдарламаларын ұсынды.

Сахнадағы экраннан Корея Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Ким Дэ Сик, Сыр бойында туып-өсіп, қызмет еткен, қазір Ресейдің Калининград қаласында тұратын Виталий Андреев, шешен қызы Марема Губасова қазақ еліне алғыс жолдады.

Алғысқа толы тағылымды шара этнос жастарының «Мекенім Қазақстан» әнімен қорытындыланды.