Аймақтар • 29 Ақпан, 2020

Қызылорда: Былтыр кәсіптік білім алған 948 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов бизнес-қауымдастық алдындағы есепті кездесуінде айтты.

Қызылорда: Былтыр кәсіптік білім алған 948 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды

Палата басшысы 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік  бағдарламасы аясында қысқамерзімді кәсіптік оқыту процесі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының реестріне енген оқу орталықтарының өндірістік алаңдарында өткізілетіндігін айтты.

2017 жылы реестрге кәсіпорындардың жанында ашылған 8 оқу орталығы енген болса, 2019 жылы мұндай оқытатын кәсіпорындардың саны 19-ға, жеке оқу орталықтар - 7, ал колледждер саны - 4-ке жетті. Барлығы реестрге 30 оқу орталығы еніп, қысқамерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыруға мүмкіндік алды. Айта кету қажет,оқыған азаматтардың жұмыспен қамтылу деңгейі 60 пайыздан төмен болған жағдайда, оқу орталығы қысқамерзімді оқытуға қатыспайды, - дейді Ғалымбек Жақсылықов.  

Палата директорының айтуынша, өткен жылыоблыстан 2194 азамат жұмыспен қамту орталықтары арқылы 22 оқу орталығына жіберілген. Оның 2054 оқуын сәтті аяқтап, біліктіліктерін дәлелдепті. Бүгінгі күнге тұрақты  жұмыс орнымен қамтылған азаматтар саны 948. Сонымен қатар осы мемлекеттік бағдарлама аясында бітірушілер мемлекеттік қайтарымсыз қаржы алу үшін жоба қорғап, кәсіп бастауға мүмкіндік ала алады. Мәселен, былтыр қысқа мерзімді оқытудан өткен 859 азаматтың жобасықолдау тауып, 365 млн теңге қайтарымсыз қаржы алған.