Айта кетейік, Ақмола облысының Зеренді ауданында облыстық XXXIV Қысқы Спортакиаданың ашылуы өтті. Жарысқа қатысушыларды Серік Сәпиев, Ақмола облысының әкімі Қанат Ыдрысов қарсы алды. Серік Жұманғалиұлы өз сөзінде қысқы спорт түрлерінің Ақмола облысында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
«Мәдениет және спорт министрлігі атынан Спартакиада қатысушыларына сәттілік тілеп, Ақмола облысы спортшылары қысқы спорт түрлерінде аса сәтті өнер көрсетіп жатқанын тілге тиек етті. Осы дәстүрден танбай, қысқы спорттың өңірде бұдан әрі де дами беруін тіледі. Сонымен қатар, ол Зеренді ауданының 85-жылдығымен құттықтап, өңірдің өсіп өнуінтілейтінін айтты. Сондай-ақ, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен айналысуға, бұқаралық спортты танымал етугешақырды»,-деді Серік Жұманғалиұлы.
Өз кезегінде Қанат Ыдрысов барлық спортшыларға сәттілік пен жеңіс тіледі. Жарыстың ұйымдастырушысы – Ақмола облысының әкімдігі.
Айта кетейік, Ақмола облысының 17 ауданы жәнеекі қаласынан 600-ге жуық спортшы 6 спорт түрінен жарысқа қатысуда. Бұған дейін Спортакиада бағдарламасына сай 3 спорт түрінен жарыстар өткен еді. Айта кетейік, 2019 жылдың қорытындысы бойынша Ақмола облысында шаңғы жарысымен 5 мыңнан астам адам айналысады.