Көліктің 35 жасар жүргізушісі мотор тарсылдаған соң оны қызып кеткен ғой деп санап, автомашинаны сөндіріп, өзі жұмыс істейтін ЖШС-ға хабарласып, көмек шақырады. Ал шығып тұрған күйік иісіне мән бермейді. Осы кезде жол бақылап жүрген патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Жанболат Нұғыманов пен Самат Жақтаев сынған көліктің жанына келіп тоқтайды. Олар машинаның маңынан күйік иісі шығып жатқанын көріп, жүргізушіге кабинаны төңкертеді. Сөйтсе, моторға жауып қойған киіз бықсып жанып, пластмасса бөлшектер де ери бастаған екен. Киізды суырып алғанда жалын жарқ етіп, аспанға сумаңдайды. Екі полицей қарап тұрмай, дереу өз машиналарынан өртсөндіргіштер әкеліп, отты сөндіруге кіріседі. Сөйтіп, қырағы полицейлердің арқасында жүк көлігі мен оның қорабындағы астық түгел жанып кетуден сақталып қалды.
«Жезқазған-Петропавл» автожолының 650 шақырымында Урожайное селосынан Новоишимкийге 30 тонна астық апара жатқан КамАЗ автокөлігі өрттенудің аз-ақ алдында қалған.
Жаңа тариф жергілікті халыққа тиімді
Табиғат • Кеше
Қарағанды облысында алты жасар бала өзенге батып кеткен
Төтенше жағдай • Кеше
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қоғам • Кеше
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Мәдениет • Кеше