Аймақтар • 01 Наурыз, 2020

Топтық су құбыры субсидияланатын нысандар қатарына енгізілмеген

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертіс ауданы әкімдігінің  мәліметінше, биыл ауданда тұратын 13 мың тұрғынды орталықтандырылған құбырдан жеткізілетін сумен  қамтамасыз ету үшін  жұмыстар жасалуда.  

Топтық су құбыры субсидияланатын нысандар қатарына енгізілмеген

Келер жылы Амангелді, Майқоңыр, Қоскөл,Ағашорын ауылдарында орталықтырылған су желілерін пайдалануға беру жоспарлануда.

Қазіргі кезде аудан бойынша су құбырларының жалпы ұзындығы 236,4 шақырымға жеткен. Өткен жылы 203,2 миллион теңгеге Үлгілі, Қарағаш және Ынтымақ ауылдарында су желілерінің құрылысы аяқталды.

Ал, Беловод су желілері бойынша жеткізілетін судың тарифтеріне келсек,  топтық су желісі арқылы берілетін су мемлекет тарапынан субсидияланбақ.

- Республикалық бюджеттік комиссия бұл мәселені қарастыруда. Беловод су желісі монополистер реестріне енгізілуі мүмкін. Ондай жағдайда судың бір текше метрінің бағасы 300 теңгеден  төмен түседі.

Алып су желісі құрылысы ұзаққа созылды. Осыдан 3 жыл бұрын ақыры іске қосылып, 13 ауылға су берілетін болған-ды.

Бірақ, субсидияланатын нысандар қатарына енгізілмегендіктен, судың бағасы қымбат.

Сөйтіп, 8 ауыл суды тұтынудан бас тартты. Аудан әкімдігі ескі стансаны қосуға мәжбүр болды.

Қалған ауылдар суды Ертіс өзенінен тасып ішуде.  

- Субсидиялау мәселесі күрделі мәселе. Бұған қатысты жобаны республикалық бюджеттік комиссия мақұлдаса, аудан тұрғындары үшін судың текше метрі 100-110 теңге болмақ.

Бұл мәселе-өңірдегі Май ауданындағы топтық су құбырларын да субсидияланатын нысандар тізіміне енгізу жұмыстары үшін де қажет.

Павлодар облысы

Ертіс ауданы