Руханият • 01 Наурыз, 2020

Қызылорда: Бауырмал ұлтқа алғаусыз алғыс

520 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысының Қазалы ауданында қазақтармен бірге орыс, кәріс, неміс, татар, өзбек, украин, қырғыз, молдаван, башқұрт, түрікмен, грек, беларус, поляк сынды 13 ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде.

Қызылорда: Бауырмал ұлтқа алғаусыз алғыс

Алғыс айту күніне орай Қазалы қаласында мерекелік салтанатты кеш өтті. Қалалық мәдениет үйінде кітап көрмесі және түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық тағамдары мен аспаптар көрмесі ұйымдастырылып, көпшілік назарына ұсынылды.

Шара ұлттар достығын бейнелейтін көрініспен басталды. Тұрғындарға құттықтауын жеткізген аудан әкімі Мұрат Ергешбаев мерекенің маңыздылығына тоқталды.

– Алғыс айту күні – бұл, тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен жергілікті ұлтқа терең тағзым белгісі, – деген Мұрат Нәлхожаұлы ауданымыздың өсіп-өркендеуі жолында әрбір қазалылықтың үлесі бар екендігін жеткізіп, барша тұрғындарға мың алғыс білдірді.

Шара барысында Қазалыны мекен еткен ұлт өкілдері қазақ халқына деген шынайы ықыластарын білдірді. Мереке концерттік бағдарламаға ұласты.