Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси шешімдері халық бірлігіне бағытталды. Осы саясаттың іске асуы 1995 жылы 1 наурызда Президент жанындағы консультативтік-ақылдасу органы – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуымен айқын көрінді. Қазіргі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясының күні – еліміздегі қоғамдық келісімнің тұрақты және мығым іргетасы.
2016 жылдан бастап 1 наурыз Қазақстанда ұлттық мереке – Алғыс айту күні ретінде тойланады. Қазақстандықтарды осы мейірім, достық және сүйіспеншілік күнімен құттықтап, баршаңызға достық, сабырлық және қонақжайлық үшін алғыс айтамын!
Дмитрий ОСТАНЬКОВИЧ,
Нұр-Сұлтан қаласы,
Қазақстан халқы Ассамблеясы «Радима» беларусь мәдени орталығының төрағасы