Спорт • 02 Наурыз, 2020

Баскетбол: «Астана» «Енисейді» ұтты

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Баскетболдан ВТБ лигасының соңғы үш кездесуінде Нұр-Сұлтанның «Астанасы» қарсыластарына есе жіберіп, өз жанкүйерлерін жерге қаратқан еді.

Баскетбол: «Астана» «Енисейді» ұтты

Кеше жерлестеріміз Красноярскіде жергілікті «Енисей» клубымен шеберлік байқасты.

Алғашқы кезеңде алаң иелері 22:18 есебімен жеңіске жетті. Үзілістен кейін елордалық баскетболшылар есеп айырмашылығын қысқартты – 39:38. Ал соңғы екі кезең «Астананың» басымдығымен өтті. Нәтижесінде бұл бәсеке біздің жігіттердің пайдасына шешілді. Қорытынды есеп – 64:78.

Қазіргі кезде «Астана» жарыцс кестесінде жетінші орынды иеленуде.