Спорт • 02 Наурыз, 2020

Қазақстандық спортшылар халықаралық турнирде топ жарды

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оманның Маскат қаласында желкенді спорттан халықаралық Mussanah race week турнирі мәресіне жетті. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлады.

Қазақстандық спортшылар халықаралық турнирде топ жарды

Жарыс қорытындысы бойынша әйелдер арасында қос қазақстандық спортшы жеңіс тұғырына көтерілді. Аталған санат бойынша Карина Жанғазова  көш бастап, жарыс жеңімпазы атанды.

Ал оның командаласы Яна Белозерова болса Қазақстан қоржынынына қола жүлдені салды. Айта кетерлігі, аталған жарыс Маскатта (Оман) 24 ақпан мен 1 наурыз арасында өтті.