Жарыстың алғашқы еркін тәсіл бойынша спринт сайысы өтті. Өкінішке қарай, жерлестеріміз көңіл көншітерліктей нәтиже көрсете алмай, қалың топтың арасында қалып қойды.
Қазақстандық қыздар арасында ең үздік көрсеткішке Ксения Шалыгина қол жеткізді. Ол 46 орын алса, Камила Махмұтова 52 сатыға табан тіреді. Бұл тартыста Швециядан келген шаңғышылар алдарына жан салмады. Алтынды Эмма Рибо олжаласа, Йоханна Хагстроем күміспен күптелді. АҚШ-тың өкілі Юлия Керн қолаға қол созды.
Ұлдар бәсекесінде Әсет Дүйсенов 40 орынды еншілесе, Артем Ковалев 56 сатыға жайғасты. Бас жүлдені норвегиялық Вебьерн Хегдаль жеңіп алса, италиялық Матия Армеллини күміс алды. Ал қола медаль Норвегияның тағы бір спортшысы Харальд Осберг Амундсенге бұйырды.