Қос алып өзара екі мәрте күш сынасты. 2018 жылдың 1 желтоқсанында АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өткен алғашқы жекпе-жекте тең есеп тіркелді. Десек те сол сайыста Фьюридің екі рет нокдаун алғанын да айта кеткен абзал.
Келесі жекпе-жек биылғы жылдың 22 ақпанында Лос-Анджелестегі әйгілі Мэдисон Сквер Гарден кешешінде ұйымдастырылды. Бұл бәсеке жетінші раундта аяқталып, Тайсон Фьюри айқын жеңіске қол жеткізді. Осылайша, Деонтей Уайлдер өзінің спорттық мансабында алғаш рет жеңілістің кермек дәмін татып қана қоймай, WBC нұсқасының чемпиондық белбеуінен айырылды.