Қоғам • 02 Наурыз, 2020

Jýsan Bank-те активтердің сапасын бағалау рәсімінен ойдағыдай өтті

169 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өкілдері жария ете бастады. Өз кезегінде активтер сапасын тәуелсіз бағалау (AQR) нәтижелері Jýsan Bank-тің жоғары тұрақтылығын растады.

Jýsan Bank-те активтердің сапасын бағалау рәсімінен ойдағыдай өтті

Ірі банктердің арасында аталмыш активтер сапасын бағалау Қазақстанда алғаш рет өтуде. Оның негізінде екінші деңгейдегі банктердің орнықтылығы мен қаржы жүйесін тұтастай тексеруге арналған ең үздік еуропалық тәжірибелер орын алды.

AQR қорытындысы бойынша Jýsan Bank жоғары активтер сапасы мен барлық қазақстандық және халықаралық стандарттарға сай келетінін растады.

Активтер сапасының тексеруден сәтті өтуі, бірінші кезекте, жоғары деңгейдегі меншікті капиталдың жеткіліктілігіне негізделген. Ұлттық Банктің мәліметінше, 2020 жылдың 1 ақпанында Jýsan Bank-тің  меншікті капиталы 344 млрд теңгені құрады – бұл көлемі бойынша қазақстандық банктердің арасындағы екінші көрсеткіш. Банктің меншікті капитал мөлшері алдыңғы бастамаларды, сондай-ақ  жаңа даму стратегиясын жүзеге асыру мен кез келген ықтимал тәуекелді алдын-ала болдырмауға ықпал етеді.

Сонымен қатар 2020 жылдың 1 қаңтарындағы ағымдағы өтімділік коэффициенті (K4) – 7,133 құрады, белгіленген реттеуіштің минималды талаптарын 23 есе арттырады.

Jýsan Bank-тің клиенттерін құттықтаймыз – біз барлығымыз AQR бағалау нәтижелеріне өте ризамыз. Онда банк пруденциалдық нормативтерді іске асырып, активтер сапасын барабар бағалайды, оның ішінде кредиттік портфель де бар. Өткен тәжірибені ескере отырып, біз қайта өңделген барлық рәсімдер мен саясаттың консервативті тәсілдерін кредиттеуде қолданамыз. Біздің клиенттеріміз банктің тұрақтылығы мен тиімділігіне толығымен сенімді бола алады", – деді Jýsan Bank Басқарма төрағасы Айбек Қайып.

Өткен жылы Jýsan Bank кірістерді арттыру, шығыстарды оңтайландыру және кредиттік портфельдің сапасын жақсарту бойынша үлкен жұмыс атқарды. Барлық ықтимал тәуекелдер мен шығындар толығымен провизияландырылып, үлкен қорға иеленді. Мәселен, проблемалық қарыздарды өтеу 140%, ал кредиттер бойынша кепілзатпен қамтамасыз ету мөлшері жоғары деңгейді құрайды.            

Jyssan Bank Қазақстандағы жеке тұлға клиенттер мен шағын және орта бизнес саласында қызмет көрсетуде бірегей ерекше шешімдерді ұсынуға бағытталған жаңа бесжылдық даму стратегиясын жүзеге асыруды бастады.