Ғалым Қайырбекұлы 1979 жылы туған. Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген. Еңбек жолын 2000 жылы Қызылорда қалалық прокуратурасында бастап, осы салада жауапты қызметтер атқарды.
Әр жылдары Қызылорда көлік прокуроры, облыстық прокуратураның әлеуметтік саладағы заңдылықты қадағалау басқармасының бастығы, Қазалы ауданының прокуроры, облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының бөлім басшысы болды.
Былтырғы жылдың қыркүйегінен бастап осы басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.