Қазақстан • 02 Наурыз, 2020

Қазақстан көпірлерді жөндеудің жаңа технологияларымен бөлісті

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық автомобиль жолдары саласының мамандары Ресейдің Астрахань қаласында өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Шара аясында бірнеше елден келген 200-ге жуық сарапшы автомобиль жолдары саласын тиімді дамытудың амалдары мен жолдарын талқылады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан көпірлерді жөндеудің жаңа технологияларымен бөлісті

Күн тәртібіне қойылған басты сұрақ – шағын және орта көпір құрылыстарын жөндеу және реконструкциялау жұмыстарын ұйымдастыру. Бүгінгі таңда аталмыш мәселе конференцияға қатысқан әр ел үшін өте өзекті. Қазақстан, Ресей және Германия өкілдері көпірлерді жөндеуге қатысты сұрақтарды шешу тәжірибесімен бөлісіп, өз елдеріндегі автомобиль жолдары және көлік салаларын дамытудың негізгі бағыттары туралы айтып берді. Сондай-ақ, кездесу барысында кадрлық әлеует, цифрландыру, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу, көпір құрылыстарын диагностикадан өткізу және күтіп ұстау мәселелері қаралған болатын.

Айта кету керек, бүгінгі таңда Қазақстандағы республикалық маңызға ие автомобиль жолдарында 1277 көпір бар. 2019 жылы 5 көпір күрделі жөндеуден өткізілді. Биыл жаңа 148 көпір салынып, 5 көпір  күрделі жөндеуден өтетін болады.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025