Спорт • 02 Наурыз, 2020

Кәсіпқой бокс: Тұрсынбай Құлахмет 28 наурызда рингке шығады

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның танымал былғары қолғап шебері Тұрсынбай Құлахметтің кәсіпқой рингте күш сынасуға бел буғаны жайында біз бұған дейін де хабарлағанбыз.

Кәсіпқой бокс: Тұрсынбай Құлахмет 28 наурызда рингке шығады

Енді 26 жастағы Сыр бойы саңлағының кәсіпқойлар арасында нақты қай күні өзінің тұсаукесер кездесуін өткізетіні белгілі болды. Ол MTK Global Kazakhstan компаниясының мұрындық болуымен 28 наурызда Алматыдағы «Халық Арена» спорт кешенінде өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығады. Бұл жайында айтулы компанияның бас бапкері Қанат Әлтаев хабарлады. Ал Құлахметтің қарсыласы кім болатыны әзірге нақтыланған жоқ.

Тұрсынбай Құлахмет әуесқой рингте өзін мойындатқан сақа спортшы. Ол – 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионы. Сондай-ақ, 2017 жылы қандасымыз Бакуде алауы тұтанған Ислам Ынтымақтастығы ойындарында бас жүлдені олжалады.