Спорт • 02 Наурыз, 2020

Ақпан айының үздік спортшысы анықталуда

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Танымал қазақстандық Olympic.kz сайты ақпан айының үздік спортшысын анықтау мақсатында дауыс беру үрдісінің басталғаны жайында хабарлайды.   

Ақпан айының үздік спортшысы анықталуда

Өткен айда спорттық сайыстар аз болған жоқ. Шет мемлекеттерде жалауы желбірген дүбірлі жарыстарда жерлестеріміз де табысты өнер көрсетті. Солардың арасынан 10 спортшы іріктелініп алынды. Ал сол топтан кімнің озатыны Olympic.kz сайтында дауыс беру нәтижесі бойынша анықталады. Ал үміткерлер тізімі мынадай:

Данияр Қайсанов – еркін күрестен Азия чемпионы

Юсуф Батырмұрзаев ­– еркін күрестен Азия чемпионы

Темірлан Шадукаев – грек-рим күресінен Азия чемпионы

Татьяна Аманжол-Ахметова – әйелдер күресінен Азия чемпионы

Жәмила Бақбергенова – әйелдер күресінен Азия чемпионы

Милад Карими – спорттық гимнастикадан әлем кубогіның кезеңдік сайысының күміс және қола жүлдегері

Абзал Әжіғалиев – шорт-тректен әлем кубогінің кезеңдік сайысының қола жүлдегері.

Жансай Смағұлов – дзюдодан Grand Slam турнирінің  күміс жүлдегері.

Жанбота Алдабергенова – фристайл-акробатикадан әлем кубогының кезеңдік сайысының  қола жүлдегері.

Дмитрий Рейхерд ­– фристайл-могулдан әлем кубогының кезеңдік сайысының күміс жүлдегері.