Футбол • 03 Наурыз, 2020

Футбол: УЕФА Суперкубогы Қазанда өтеді

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2023 жылы футболдан УЕФА Суперкубогың иегері Ресейдің Қазан қаласында анықталады. Әдеттегідей, бұл бәсекеде Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының жеңімпаздары кездеседі. 

Футбол: УЕФА Суперкубогы Қазанда өтеді

Айтулы ұйымның атқару комитетінің мүшелері дәл осындай шешім қабылдағанына еш таңдануға болмас. Өйткені, бүгінгі таңда Татарстанда спорттың көптеген түрлері қарқынды дамуда. Солардың қатарында футбол да бар. 2013 жылы салынған «Қазан Арена» Ресейдегі ең көрікті стадиондардың бірі әрі бірегейі. Ол жерде өтетін матчтарды 45 379 көрермен тамашалай алады. 2017 және 2018 жылдары «Қазан Аренада» Конфедерация кубогы және әлем чемпионаттарының бәсекелері өткен.  

Ал оған дейін УЕФА Суперкубогы үшін бәсекелерді Португалияның Порту қаласындағы «Драгу» (2020 жылы), Солтүстік Ирландияның Белфаст шаһарындағы «Уиндзор Парк» (2021 жылы) және Финляндияның астанасы – Хельсинкидегі Олимпиадалық стадион (2022 жылы) қабылдайды.