Спорт • 03 Наурыз, 2020

Садақ ату: Азия кубогына оқу-жаттығу жиындары өтуде

688 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері садақ атудан Қазақстан құрамасы Таиландта өтетін Азия кубогы жолындағы жарысқа қызу даярлануда.

Садақ ату: Азия кубогына оқу-жаттығу жиындары өтуде

Қазіргі кезде оқу-жаттығу жиындары өтуде. 24 ақпанда басталған бұл жиын 8 наурызда өз мәресіне жетеді. Содан кейін құралайды көзге атқан мергендеріміз Тай еліне аттанады.  

Айтулы жарыста Қазақстанның намысын 16 спортшы қорғайды. Олар – Сұлтан Дүзелбаев, Санжар Мұсаев, Ильфат Абдуллин, Денис Ганькин, Фарида Түкебаева, Анастасия Баннова, Гауһар Игібаева, Алина Ілиясова, Ақбарәлі Қарабаев, Рустам Қарабаев, Сергей Христич, Шәміл Сагутдинов, Әдел Жексенбинова, Диана Макарчук, Виктория Лян және Роксана Юнусова.