Боз кілемнің үстінде белдескен балуандар мамандандырылған күзет қызметі құрылымдарында кілең сайдың тасындай аптал азаматтардың қызмет ететіндіктерін көрсетіп бақты. Сөз арасында турнирге қатысушыларды Ақмола облысындағы әріптестері жақсылап қарсы алып, жарысты сәтті ұйымдастырғандығын айта кетуге болады. облыстық күзет басқармасының бастығы Дания Қайыповтың айтуына қарағанда, биылғы додалы жарыс Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына арналып отыр. Басшының айтуына қарағанда, бұл салада да қазақ күресімен айналысатындар соңғы жылдары біршама көбейе түскен.
Күзет барысы турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. 5 балуан үздік аталым иегерлері атанды. Командалық есепте Шығыс Қазақстан облысы бірінші, қызылордалық сақшылар екінші, Жамбыл облысының жігіттері үшінші орынға ие болды.
Ақмола облысы