Жәрмеңкеде тауарлар республиканың Қарағанды, Ақмола және Павлодар облыстарының өндірушілерінің бағалары бойынша ұсынылады.
Атап айтсақ, картоп, пияз, сәбізді - 85 теңгеге, қырыққабатты - 100 теңгеге, сиыр етін - 1700-1800 теңгеге сатып алуға мүмкіндік бар.
Жәрмеңке наурыз-сәуір айларының соңына дейін аптаның әр сенбі, жексенбі күндері өтеді.