Оның себебі – әлемнің бірқатар мемлекетінде коронавирус дертінің өршуі. Айналдырған екі-үш ай ғана уақыт аралығында талай адамның өмірін жалмаған індеттен сақтану мақсатында аталмыш ұйым осындай қадамға баруға мәжбүр болып отыр.
Осы үрейлі жағдайдың салдарынан Таллин, София, Ыстамбұл, Кокелшёе қалаларында ұйымдастырылуға тиіс түрлі дивизондағы жас өрендердің (U18) әлем біріншіліктері өтпейтін болды. Сол секілді бұрымдылар арасындағы екі бірдей дүбірлі дода да кейінге шегерілді. Тағы бір айта кетерлігі, 28 наурыз бен 4 сәуір аралығында Польшаның Катовица қаласындағы бірінші дивизиондағы командалардың дүниежүзілік додасына Қазақстанның әйелдер құрамасы да қатысуға тиіс еді.